Жартылай финалға тағы бір жолдама қолда – бокстан жастар арасындағы АЧ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ерасыл Жакпеков жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Бекбол Мурасбековпен жұдырықтасты. Бірінші раундта Е. Жакпеков қарсыласын нокдаунға жібергеннен кейін кездесу тоқтатылды.

Ерасыл Жакпеков финалға шығу үшін өзбекстандық Джасурбек Юлдошевпен таласады.

Тағы бір қазақстандық Сағындық Тоғамбай 86 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевтан бірінші раундта нокаутпен жеңіліп қалды.

Осылайша, бүгін Қазақстаннан төрт боксшы жартылай финалға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырханның қарсыласын нокаутпен жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ, үш қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар