Жартылай финалға шыққан балуандар белгілі болды - Qazaqstan Barysy

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Qazaqstan Barysy турнирінің жартылай финалына шыққан балуандардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ширек финалдың алғашқы кездесуде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Ерасыл Қажыбаев Жамбыл облысының өкілі Ғалымжан Қырықбаевпен белдескен болатын. Жамбылдық балуан 2021 жылғы «Әскер барысын» бүк ұйпамен жеңді.

Ал екінші кездесугее екі дүркін Qazaqstan Barysy Айбек Нұғымаров пен 2017 жылғы Qazaqstan Barysy Еламан Ерғалиев шықты. Бұл белдесуде Еламан Ерғалиев қарсыласын «жартылай» жеңіс» ұпайымен ұтты.

Үшінші белдесуде осы турнирдің «күміс» және «қола» жүлдегері Руслан Әбдіразақ Маңғыстау облысының өкілі Нұрдәулет Жарылғаповпен белдескен. Негізгі уақытта бір-бірін ала алмаған қарсыластар жартылай финал жолдамасын қосымша «белдесуде» анықтады. Сын сағатта қарсыласының қос жауырынын жерге тигізген Нұрдәулет Жарылғапов «таза жеңіс әдісімен» келесі айналымға шықты.

Тағы бір шығысқазақстандық Дәурен Нұралинов ширек финалдың төртінші кездесуінде астаналық Олжас Шынкеевке қарсылас атанған. Дәурен Нұралинов екі «жамбас» ұпайымен жартылай финалдың соңғы жолдамасын иеленді.

Еске салсақ, тағы бір Qazaqstan Barysy Мұхит Тұрсынов турнирден бірінші айналымда шығып қалды.

Биыл турнирдің бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 млн 500 мың теңге, бапкеріне 1 млн 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 млн 800 мың теңге беріледі.


Соңғы жаңалықтар