Жарты жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 3,8 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың алты айында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1263,6 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Есепті кезеңде әсіресе автомагистраль, көше, жол, темір жол, көпір мен жерасты жолын салу жұмыстары көп атқарылған, оның жалпы көлемі 317,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, инженерлік құрылыстар - 203,1 млрд, өнеркәсіптік ғимараттар - 142,3 млрд, тұрғын үй - 138,8 млрд, тау-кен және қайта өңдеуші өнеркәсіп ғимараттарының көлемі - 105,7 млрд теңге болды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 1,8 пайызға азайған. Оның көлемі - 1063,9 млрд теңге. Дегенмен, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар көлемі тиісінше 41 және 60,3 пайызға ұлғайған.

Биылғы қаңтар-маусым айларында 21 056 ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның ішінде 19 760 ғимарат - тұрғын үй. Жыл басынан бері 17 мектеп, 41 мектепке дейінгі мекеме, 1 аурухана және 2 амбулаториялық емхана пайдалануға берілген.

Соңғы жаңалықтар