Жарты жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1 пайыз өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 6 айында еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаңтар-маусымдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық процестердің дамуы теңгерімді өсу арнасында тұрақты сақталуда. Экономикалық қызметтің барлық сегменттерінде дерлік оң серпін байқалып отыр. Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,1 пайызды құрады. Жалпы экономиканың көтерілуі инфляциялық процестердің жалғасып келе жатқан бәсеңдеуі және жоғары инвестициялық белсенділік аясында болып отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, инфляция біртіндеп азайып келе жатыр және соңғы үш жылдағы ең төмен мәнге жетті. Жыл басынан бері ол 2,6 пайызды құрады. Бұл ретте жылдық инфляция - 5,9 пайыз. Инфляцияның барлық компоненттері бойынша баға өсуінің бәсеңдеуі байқалады.

«Өнеркәсіп өндірісі 5,2 пайызға артып, өсу қарқыны сақталуда. Тау-кен өнеркәсібі 5,5 пайызға өсті. Өсім негізінен Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарының айтарлықтай асыра орындалуына байланысты туындап отыр. Жоспарланған 4,9 млн тоннаның орнына 6,2 млн тонна өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі серпінінің тұрақты өсуі байқалады. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өсу қарқыны 5,2 пайыз болды», - деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің дерегінше, өңдеу саласының арасында екі мәндік өсу қағаз өнімдерін өндіруде (12,0%), химия өнеркәсібінде (11,0%) және машина жасауда (17,2%) сақталып отыр. Металлургия (3,4%), мұнайды қайта өңдеу (4,4%) және тамақ өнімдерін өндіру (5,2%) сияқты өңдеудің басқа да ірі салалары бойынша оң өсім сақталуда.

Соңғы жаңалықтар