Жарты жылда Қазақстанда 37,9 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 37,974 млн тонна мұнай өндіріліп, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,5% кему байқалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жылдың алғашқы алты айында 6,281 млн тонна газ конденсаты, (-5,3% ), 28,074 млрд текше метр табиғи газ (-0,6%), 53,958 млн тонна көмір (-2%) өндірілген.

Сондай-ақ, 20,642 млн тонна темір кені (-2%), 58,916 млн тонна мыс рудасы (+17%), 11,742 млн тонна алтын құрамды кен (+25%), 2,486 млн тонна хром концентраты (+5,7%) алынған.

Соңғы жаңалықтар