+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жарты жылда Алматыда 4 судья қызметінен босатылды

2019 жылғы 23 шілде 15:31
Бөлісіңіз:
Жарты жылда Алматыда 4 судья қызметінен босатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов журналистермен есептік кездесуде соңғы алты айда Алматы қаласының төрт судьясының жұмыстан босатылғаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазақстандықтардан 91 өтініш келіп түсті Оңалту және банкроттық рәсімдерді қолдану жағдайлары жеңілдетіледі Қазақстанда банкроттық және оңалту сатысында қанша кәсіпорын тұр

Өрескел заң бұзғаны үшін Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Надежда Каралуппа, Түрксіб аудандық сотының судьясы Бибігүл Хасанова, Әуезов №2 аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке, Медеу аудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар қызметінен босатылды.

«Медеу аудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар азаматтық істі қарау кезінде заңбұзушылыққа жол берді. Жеке тұлғаның Ұлттық Банк алдындағы кепілдік міндеттемелері 25 млрд теңге болатын. Судья оны Ұлттық Банкке берген кепілдемесі ұзақ уақытқа негізсіз жарамсыз деп таныды»- дейді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сондай-ақ, ол судья Надежда Каралуппованың жіберген қателіктерін айтты.

«Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарау кезінде Қашқынбаевтың өтініші бойынша ол өрескел заңбұзушылық жасады», - деді ол

Бибігүл Хасановаға қатысты былай деді: «М.-ға қатысты азаматтық істі қарау кезінде басқарушы компанияның ЖШС-не мүлікті пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған кезде процессуалдық заңды өрескел бұзу фактісі анықталды. Судья қараудың процедуралық мерзімдерін бұзды», - деп толықтырды Нұрғазы Әбдіқанов.

«Біз мұндай мәселелерді аса үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Дөрекілік, заңбұзушылықтар немесе негізгі сот этикасына қайшы келетін жағдайлар кездессе, бірден шешуге тырысамыз. Ол солай болуы керек «, - деді Алматы қалалық сотының төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Сот, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT