Жарты жыл бұрын жоғалып кеткен қорғаныс істері басқармасының қызметкері табылды - Ақтөбе облысы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 23 қараша күні кешке Хромтау қаласы маңындағы Самара-Шымкент көлік жолының үстінде биылғы жылдың мамыр айында түнгі кезекшілігін атқару кезінде жоғалып кеткен қорғаныс істері басқармасының қызметкері 33 жастағы Арман Сұрағанов дін аман табылды. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергелуі мен Сұрағановтың өзі үшін біз болған оқиғаның барлық жайттарын ашып айта алмаймыз. Азамат Сұрағанов денсаулығына шағым жасамады, ауруханаға жатудан бас тартты», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ардагер Уайдин.

Соңғы жаңалықтар