Жарты миллионға жуық адам Фидель Кастромен қоштасу рәсіміне қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубада Фидель Кастромен қоштасу рәсімі өтуде, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиосы.

Жарты миллионға жуық адам елдің бас алаңы Сантьяго-де-Кубаға жиналды.

Бұл жерде Куба көсемі Фидель Кастромен қоштасу рәсімі өтуде. Марқұмның өртелген денесінің күлі салынған құмыра Санта-Ифигения зиратына жерленеді.
Еске сала кетсек, Куба төкерісінің көсемі Фидель Кастроның қайтыс болуына орай аза тұту күні тоғыз күнге созылды. Ол бүгін жерлеу рәсімімен аяқталады. Бұл туралы Куба Республикасы үкіметінің сайты хабарлаған болатын. 
Фидель Алехандро Кастро Рус Фидель Кастро 25 қарашада 90 жасында жергілікті уақытпен 22:29-да дүниеден озды. Бұл туралы оның інісі Рауль Кастро мемлекеттік телеарна арқылы мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар