Жарты ғасырдан кейін анасын тапқан ШҚО тұрғыны «Пусть говорят» телешоуына шақырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шемонаиха тұрғыны Ольга Высоцская мен оның жұбайы Александр Шрамко Ресей астанасына - «Пусть говорят» телевизиялық шоуы түсіріліміне шақырылды, деп хабарлады YK-news.kz.

Ольга Высоцская бір жарым жасында анасы бас тартқаннан кейін балалар үйінде және көзі нашар көретін интернатта тәрбиеленген болатын. Жоғары сыныптарда оқып жүргенінде ол ағасы бар екенін білді. Олар хат жазысып тұрды, бірақ қайта құру кезеңінде байланыс үзіліп қалды. Қазір Ольга Александровна 53 жаста. Жақында әлеуметтік желілерден оны ағасы Сергейдің қызы - Наталья тауып алды. Ольга одан оның тағы үш бауыры бар екенін естіп білді. Туыстар көктемде Сергей тұрып жатқан Томскіде кездеспек болып уәделесті. Сонда өмір бойы көрмеген Ольганың анасы да келмек.
Осы ақпарат жергілікті баспасөзде жарияланғаннан кейін «Пусть говорят» бағдарламасы Ольга Высоцскаяны телехабарға, Мәскеуге шақырды. Онда журналистер Ольганы бауырларымен және анасымен кездестірмек. Жол шығынын да бағдарлама өз мойнына алды.

Соңғы жаңалықтар