Жәрмеңке: Таразда азық-түлік 10-15 пайыз төмен бағада сатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінің ғимаратында өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне бұл жолы Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімі жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңке барысында 8,5 миллион теңгені құрайтын 56,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен өткерілді.

Мәселен, жылқы еті - 1950, сиыр еті - 1900, қой еті - 1800, тауық еті - 750 теңге, сүт өнімдері түрлеріне қарай 180-240 теңге және жеміс- жидек пен көкөкөніс өнімдері 70-260 теңге аралығында саудаланды.

Сондай-ақ, онда алғаш рет Рысқұлов ауданындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жылыжайында өсірілген қияр өнімі ұсынылды.

«Жалпы жәрмеңкеде 4,1 тонна ет, 1,0 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 9 мың дана жұмыртқа, 2,5 тонна сары май, 0,5 тонна өсімдік майы, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,5 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна қарақұмық, 0,5 тонна күріш, 0,1 тонна тұз, 0,3 тонна балық, 4 тонна қант, 8 тонна ұн, 0,4 тонна бал және 29,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері өткерілді» делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар