Жәрмеңке: Павлодардан елордаға 500 тонна көлемінде өнім жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жәрмеңкеге 500 тонна көлемінде ауыл шаруашылығы тауарларының өнімі жеткізілді. Яғни 60 млн-нан астам теңгенің тауары. Жәрмеңкенің негізгі бөлігін ет және ет өнімдері құрайды. Одан қалды картоп және бакалея тауарлары. Бағасына келсек, нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен деп айтуға боладын. Әрине елордалықтардың арасында біздің тауар өндірушілердің ет, картоп және көкөніс өнімдері үлкен сұранысқа ие. Биылдыққа бас қаламызда біздің ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі 3 рет ұйымдастырылады. Алғашқысы шілде айында өтті, екіншісі бүгінгі және алдағы қазан айында тағы өткізетін боламыз», - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Төлеген Көшербаев.


Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, жәрмеңкеге 80-нен астам тауар өндірушілер қатысып жатыр.

«Хан - Шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында өтіп жатқан жәрмеңке 2 күнге жалғасады.

Павлодар облысы ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде ұсынылған бағалар:

Ет өнімдері:

Сиыр еті – 1500 т (1 келі);

Қой еті – 1400 т (1 келі);

Жылқы еті – 1700 т (1келі);

Құс еті (тауық) – 750 т (1 келі);

Қазы – 1800 т (1 келі);

Пісірілген шұжық – 800-1800 т (1 келі);

Жартылай сүрленген шұжық – 1100-2000 т (1 келі);

Консервіленген ет өнімдері – 300-700 т (1 қорабы);

Жұмыртқа – 225 т (10 дана).

Сүт өнімдері:

Ірімшік – 2100 т (1 келі);

Сары май – 2200 т (1 келі);

Қымыз – 600 т ( 1 литр).

Азық- түлік:

Бал – 1500 т (1 келі);

Күнбағыс майы – 380 т (1 литр);

Қарақұмық жармасы – 160 т ( 1 келі);

Макарон өнімдері – 160 т (1 келі);

Жоғары сортты ұн – 120 т ( 1келі);

Кондитерлік өнімдер – 300-2000 т ( 1 келі).

Көкөністер:

Картоп – 70 т ( 1 келі);

Қырыққабат – 70 т

Сәбіз – 70 т (1 келі);

Қызылша – 70 т (1 келі);

Қарбыз – 70 т ( 1 келі).





Соңғы жаңалықтар