Жарма ауданында сұрапыл жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарма ауданында күшті жел мектеп шатырын жұлып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында сұрапыл жел соғып, екпіні секундына 18 метрге жеткен. Соның салдарынан Қапанбұлақ ауылының Т.Хасенов атындағы орта мектептің 200 шаршы метр, Шар қаласындағы "ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ ғимаратының 140 шаршы метр шатырын жұлып кеткен.

null"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеуде", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар