Жарма ауданында азық-түлік бағасы тұрақты - ШҚО

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. Қасымова азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Президент тапсырмасын орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарының басым бағыттарының бірі – азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау. Жарма ауданында аталған тапсырманы іске асыру бойынша тиісті жұмыстар қолға алынуда. Ауданда арнайы мониторингтік топтар құрылды. Мұндағы негізгі мақсат - кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме бағаны белгіленген мөлшерден асырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, - деді ол.

Мониторингтік топ мүшелері аудан орталығы Қалбатау ауылындағы бірнеше азық-түлік дүкенінің иелерімен кездесті. Дүкендерді аралау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің бағасы тұрақты екеніне көз жеткізілді.

- Халық көп тұтынатын өнімдерге кәсіпкерлер негізсіз баға қосуға ынталы еместерін, оның тек облыстағы ірі екі қаладан тасымалданатын көтерме саудаға байланысты екендігін алға тартуда. Айта кету керек, бүгінде «Кәмшат» азық-түлік дүкенінде «Барлығы рахмет үшін» әлеуметтік бұрышы ашылды. Онда аз қамтылған отбасылар нан, ұн, сүт сынды жиі тұтынатын өнімдерге қол жеткізе алады, - деді бөлім басшысы.


Соңғы жаңалықтар