Жарқын жеңістерінен кейін қазақстандық боксшылардың рейтингі жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) пен Садриддин Ахмедов (5-0, 5 КО) Канаданың Римуски қаласындағы Le Centre Financiere Sun Life кешенінде кезекті жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сабыров екінші раундта тәжірибелі мексикалық боксшы Рокки Монтойоны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс оған BoxRec.com сайтының рейтингінде 21 позицияға (екінші орта салмақ) көтерілуге ықпал етті. Енді ол - 104-орында. Нұрзат сондай-ақ 108-орында тұрған Жәнібек Әлімханұлын (4-0, 1 КО) басып озды.

Сондай-ақ BoxRec рейтингінде қарсыласын нокаутқа түсірген тағы бір қазақстандық боксшы көтерілді. 20 жастағы Садриддин Ахмедов мексикалық Хосе Франсиско Суньигуды (14-12-2, 5 КО) жеңіп, 224-орыннан 187-ге (орта салмақ) көтерілді. Дегенмен, айта кетерлігі, Садриддин әзірге бірінші орта салмақ санатында өнер көрсетуде.

 

Соңғы жаңалықтар