Жарқын Түсіпбекұлы Абай облысы әкімінің кеңесшісі болды

Фото: Фото: akorda.kz
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Белгілі журналист Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген.

2008-2013 жылдары «Қазақ радиосы» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редактор-жүргізушісі, «Алаш айнасы» газетінің саяси шолушысы, 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ стратегиялық маркетинг департаментінің шеф редакторы, 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы болды. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып еңбек етті.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде инспектор қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар