Жаркентте полиция жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына оқ атты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаркентте полиция қызметкерлері жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына үш рет оқ атты.

Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Патурльдік полиция қызметкерлерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына үш рет оқ атты. Нәтижесінде үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалады. Аталған факті бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Қазіргі таңда бой тасалаған тұлғалар іздестіріліп жатыр», - деді Арман Бердалин.

null

Соңғы жаңалықтар