+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жаркентте мемлекеттік тіл мәселесі талқыланған жиын өтті

2019 жылғы 7 қараша 22:57
Бөлісіңіз:
Жаркентте мемлекеттік тіл мәселесі талқыланған жиын өтті

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат – Жаркент қаласында «Тілімнің тұнық тұмасы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бекболат Тілеухан: Президент айтқандай тілді реформалауда жеңілтектікке жол бермеу керек Жансейіт Түймебаев: Қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейінде қолданатын кез жетті Таразда латын әліпбиін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды

Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаевтың төрағалығымен өткен бұл жиында тіл мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты Жанар Жұмабаева «Рухани жаңғыру: мемлекеттік тілдің маңызы мен мәртебесі», ал Назира Әміржанова «Ұлттық жазу: графикалық және орфографикалық ерекшелігі» деген тақырыптарда баяндама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытындағы атқарылатын шараларға тоқталды.

Бұдан бөлек, аудандық тіл жанашырлары, атап айтқанда, аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы И. Үркімбайұлы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Е. В. Бондарцева, Розыбакиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З. Б. Сатыбалдиева, Елтінді батыр атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі М. М. Солтанаев, тағы басқа да тіл жанашырлары талқылау арқауына айналған мәселелер жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.


Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесін көтерген болатын.

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпағанымыз жөн», - деген еді Президент.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Тіл, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрәділ Бегімбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT