Жаркентте Қазпоштаны тонағандар ұсталды

None
None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Жаркент қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ-нің ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 24 ақпанда пошта бөлімшесінен 300 миллион теңге ұрланған болатын.

«Қылмысқа қатыстыларды анықтау жұмыстарына өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды. Соның нәтижесінде қылмыс жасауға күдікті деген Жаркент қаласының екі тұрғыны анықталды.

Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйінде арнайы жабдықталған құпия жерде және шаруашылық үй-жайдан табылды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде және ол ІІМ-нің бақылауына алынған», - деді баспасөз қызметінің мамандары.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар