Жаркентте қаза тапқан курсанттың ата-анасына мемлекеттік награда тапсырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев 6 қаңтар күні Алматыдағы бүлікшілер қолынан қаза тапқан Жайық Адылқанның ата-анасына Президент жарлығымен жеткен lll дәрежел «Айбын» орденін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбекші ауылындағы мәдениет үйінде Жайық Угулханұлын бір минут үнсіздікпен еске алған марқұмның жақындары мен туыс, жолдастары Жайықтың жарқын бейнесі мәңгі есте қалатын жеткізді.

«Бұл орденді мен емес балам өзі алуы керек еді» деп егілген әкесі Угулхан Еренчиев барша қолдау көрсетіп, қайғыларымен ортақтасқан тұрғындарға алғысын білдіріп, енді бұндай жағдай болмауын тіледі.

Жайық Адылқан 4-7 қаңтар аралығында ҚР ҰҚК Шекара Академиясының курсанттарымен Алматы қаласындағы стратегиялық маңызды нысандарды қорғауға қатысқан болатын. Курсанттармен бірге «Көктөбе» телемұнарасы да қорғайды. Осы қорғаныста курсанттар бүлікшілердің шабуылына бірнеше рет тойтарыс береді. Алайда телемұнара мен академия арасындағы ұрыста Жайық бүлікшілер қолынан қаза тапқан болатын.

Жаркент жұрты бүлікшілер қолынан қаза тапқан курсант Жайық Адылқанды жер қойнына тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар