Жаркентте әйел бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 48 жастағы әйел бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Пайфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында болған. 18 тамыз күні қаладағы жер үйлердің ауласының бірінде қинап өлтіру белгілерімен ер адамның мүрдесі жатқандығы жөнінде тәртіп сақшыларға хабарлама түскен.

«Жедел тексеру кезінде полицейлер күдікті ретінде мерт болған адамның 48 жастағы көршісін ұстады. Әйел адам түнгі сағат 02:00 шамасында көршілімен ішімдік ішіп, оған тисе бастағанын жеткізген.Сол себепті ол керамикалық саптаяқпен бірнеше рет басынан ұрып, үйіне қашып кеткенін айтқан. Ал таңертең келгенде 48 жастағы көршісінің жансыз денесінің аулада жатқанын көрген», -делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қазір айғақ заттар іске тіркелді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша жүріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар