Жаркент тұрғыны сатып алған грильдің ішінен құрт шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Жаркент қаласында саудаланған тауық етінің ішінен құрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрттап кеткен тауықты жергілікті тұрғынның бірі желіге жүктеп, гриль алмауға кеңес берді.

«Жаркенттен гриль алмаңыздар. Қараңыздар ішінен құрт шығып жатыр»,- деп ескертеді ол.

«Панфилов аудандық санитариялық-эпидемиологияық бақылау басқармасы бұл жарияланымды назарға алды. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Құрметті аудан тұрғындары, тамақтан уланудың алдын алу үшін сіздерден заңды сауда орындарынан тамақ сатып алуларыңызды, өнімнің сыртқы түріне, дайындау, жеткізу және сақтау шарттарына, персоналға арналған арнайы киім және т.б. назар аударуларыңызды өтінеміз.

Егер сіз осындай фактілерді тапсаңыз, нақты мекен-жайды, дүкен атауын және контактілеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз»,- дейді Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар