Жаркент колледжіндегі оқиға: Директор қызметінен кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Жаркент қаласындағы Көпсалалы колледждің оқытушысы студентті ұрып, балағаттаған оқиғадан кейін мекеме директоры өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаркент көпсалалы колледжінің директоры өз еркімен жұмыстан кетті. Ал оқушыны жұдырықтап, балағаттаған дене шынықтыру пәні оқытушысының жалпы еңбек өтілі 8 жыл. 1985 жылы туған ер адам биылғы оқу жылынан бастап осы колледжде жұмыс істейді», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтар күні Жаркенттегі көпсалалы колледждің оқытушысы студентті балағаттап, ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде таралған болатын.

Осы оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, 33 жастағы ұстаздың үстінен ҚР ҚК-нің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамау» 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер Жаркенттегі педагог кінәлі деп танылса, 3 жылға дейін қызметінен айырылуы мүмкін немесе айыппұл төлеп, қоғамдық жұмысқа тартылып не болмаса 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алыну жазасы қолданылады.

Айта кетерлігі, бұған дейін колледж директорына сөгіс беріліп, колледж оқытушысы жұмыстан шеттетілгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар