Жарқайың ауданында бағаны ұстап тұру бойынша 20 меморандум жасалды- Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында азық-түлік тауарларының бағасы қалай тежеледі. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте аудан әкімі Жанболат Хамитов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экономиканың нақты секторында Жарқайың ауданының өнеркәсіптік кәсіпорындары 2,5 млрд теңгеден астам өнім өндірді. Бұл ретте нақты көлем индексі 125 пайызды құрады.

Аудан әкімі атап өткендей, орта және шағын бизнес саласында 1171 кәсіпкерлік субъектісі бар, онда 3300-ден астам адам жұмыс істейді, 135 жаңа жұмыс орны ашылды. Азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағаны ұстап тұру бойынша 20 меморандум жасалды.

«Нан бағасын тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 1 га егіс алаңына 60 теңге есебінен «Жарқайың Агро» ҚБ-ға қаражат аудару бойынша меморандумдар жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін нан өндірушілер субсидияланады. Нәтижесінде нан бағасы бір бөлке үшін 95-105 теңгені құрайтын болады», - деп атап өтті Ж.Хамитов.

Аудан әкімінің айтуынша, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін аудан орталығында жәрмеңкелер үнемі өткізіліп тұрады, онда өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады. Жыл басынан бері аудан орталығында екі жәрмеңке өткізіліп, 12,8 млн.теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. 2021 жылғы 31 қазанда аудан Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жәрмеңкеге қатысады деп жоспарлануда.



Соңғы жаңалықтар