Жарқайың ауданында 5 инвестжоба жүзеге асырылмақшы-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Жарқайың ауданында 5 инвестициялық жоба шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым және агроөнеркәсіп саласында жаңа нысандар ашылады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мұрат Балпан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің сөзінше, 2020 жылы Жарқайың ауданына 5,4 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Осының нәтижесінде Тасөткел ауылында қуаты 3 тонналық сүт цехы, Державинск қаласында 5 мың тонналық элеватор, 20 мың тонналық элеватор желісі тәрізді жобалар жүзеге асырылады.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнім көлемі 39,2 миллиард теңгені құрады. Экономиканың нақты секторы өнеркәсіп өндірісі саласында 3,1 миллиардтан астам теңгенің өнімі шығарылды. Мал шаруашылығы саласын субсидиялау 38,7 миллион теңгені құрады. Тасөткел ауылында отбасылық түрінде асыл тұқымды 50 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасы ашылды», - деді аудан әкімі М.Балпан.

Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен жабдықтау және көліктік инфрақұрылымды дамыту, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесіне де тоқталды.

«Өткен жылы 594 жаңа жұмыс орны ашылды, оның-340 ауылдық жерлерде. Жұмыссыз жүрген 682 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысшылардың орташа айлығы 112 391 теңгені құрайды. Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 21 адам барлығы 85 миллион теңге несие алды», - деп түйіндеді М.Балпан.


Соңғы жаңалықтар