Жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттары Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекске көшіріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттары Азаматтық процестік кодексінен Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекске көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының басшысы, Берлиндік судья, әкімшілік соттар судьялары Одағының мүшесі Йорг Пуделька, сондай-ақ ғылыми қоғамдастықтың, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан конференцияда жариялады.

Әділет министрі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында өткен жылдан бастап әкімшілік әділет саласын одан әрі жетілдіру және кеңейту бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.


Әділет министрлігі жекелеген санаттарды Азаматтық процестік заңнамасынан Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекске (бұдан әрі – ӘРПК) көшіруді («Нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» 30-тарауын көшіруді қоса) көздейтін заң жобасын әзірлеген.

Сондай-ақ, Әділет министрлігі әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзетуді, сондай-ақ ӘРПК-ге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.


Заң жобасының мәтінімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар