Жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында жүргізілген «Анаға цифрлық жәрдем» байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияға сілтеме жасап.

Байқауға бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған 50 ана қатысты.
Байқау жеңімпаздары елімізде өткен «Аналар күніне» орай анықталды. Кездейсоқ тәсілмен таңдалған 3 жеңімпазға bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің бір айлық қорының жөргектерін алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздардың ішінде қостанайлық Гульмира Шошақова, семейлік Зарина Құрманғалиева, Жетісай ауданының тұрғыны Жанар Ябаева бар. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығы, ыдыс-аяқ, күтім құралдары сияқты тауарлар сертификатына ие болды.
Естеріңізге салайық, бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін екі жәрдемақы түрі онлайн egov.kz порталы арқылы рәсімделеді. Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметін таңдап, ондағы өтінішті толтыру қажет. Өтініммен қоса банкте ашылған есеп-шоттың нөмірі көрсетілуі тиіс.



Соңғы жаңалықтар