Жарамдылық мерзімі өткен тағамда токсинді заттар болуы мүмкін – дәрігер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер акция бойынша жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату мәселесін көтерді. Дәрігер, сарапшы Айнагүл Қуатбаева бұл мәселеге назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айнагүл Қуатбаева жалпы жарамдылық мерзімі біткен өнімдер утилизацияға жіберілетінін атап өтті. Оларды сатып алып, салаттар әзірлеуге болмайды.

«Мерзімі өткен бұршақ дақылдарын, дәнді дақылдарды және етті мал фермалары қабылдайды, бірақ тіпті мал азығын да ветеринарлық бақылау арқылы беру керек, өйткені бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жарамдылық мерзімі – ең алдымен өндірушілердің жауапкершілігі. Олардың өздері жарамдылық мерзімін белгілемейді, бұл үшін санитарлық нормалар бар. Мерзімі өткен өнімді төмендетілген бағамен сату мәселесін қарастыруымыз керек. Өтйкені, кейбір консервілерде токсинді заттар болуы мүмкін және оны тұтыну қауіпті. Жалпы, қауіпсіздікке қатысты да сақтау шарттарын қарастыруымыз керек. Біз мерзімі өткен өнімдерді тұтынуға кеңес бермейміз», - деді дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айнагүл Қуатбаева жыл сайын жаппай тамақтан улану тіркелетінін атап өтті. Алайда, мерзімі өткен өнімдерді пайдалану жағдайы тіркелмеген.

Бұған дейін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндаған еді.

Сондай-ақ елімізде баласына вакцина салғызбайтын ата-аналар көбеюде.


Соңғы жаңалықтар