Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын, әсіресе терроризмге қарсы операциялар жүргізілетін жерлерде сабырлы болып, сақтық шараларын сақтауға шақырамын.

Арандатушылыққа бой алдырмау және барлық күдікті фактілер мен адамдар туралы полицияға хабарлау арқылы сіз құқық қорғау органдарына елде тәртіп орнатуға үлкен көмек көрсетесіз», - деген министрдің міндетін атқарушы күрделі кезеңдекөрінеу жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертті.

«Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ресми көздеріне ғана сену қажет. Төтенше жағдай кезінде осындай әрекеттер үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-тармағына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Полиция әрбір осындай фактіге түбегейлі жауап береді.

Өкінішке қарай, бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің конституциялық құрылысын қорғау кезінде 16 полиция қызметкері қызметкер қылмыскердің қолынан қаза тауып, 1300-ден астам сақшы мен Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, арнайы органдардың әскери қызметшілері жарақат алды.

Қаза болғнадар ақырына дейін антқа адал болып, отанға жанқиярлық қызмет көрсетті», - деген Ерлан Тұрғымбаев құрбан болған қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Біз қылмыскерлерді іздестіріп, ұстау үшін барлық шараларды қолданамыз және олар Қазақстан халқына қарсы қылмыстары үшін лайықты жазаға тартылады», -деді Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы.


Соңғы жаңалықтар