Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 84 адам сот санкциясымен әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің шедел штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаппай тіртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 178 адам полицияға жеткізілді. 11 адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - делінген жедел штаб ақпаратында.

Сондай-ақ мәліметке сәйкес, т өтенше ажғдай режимін бұзғаны үшін 88 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 1-бөлігі 10-тармақшасы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот санкциясымен 84 адам әкімшілік қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар