Жаппай тәртіпсіздік: Ұсталғандардың көбі ұрлық пен мародерлік үшін айыпталып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың көпшілігі ұрлық пен мародерлық үшін айыпталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен сөйлескен тұтқындардың арасында өз деректерін жария етуге, жақындарына ұстау фактісі туралы хабарлауға қарсылық танытқандар да болды. Олар өз жақындарына зиян келтіргісі келмейтіндерін және ұялатындарын айтты. Барлық фактілер тексеріліп, әділеттілік орнайды деп үміттенді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың көпшілігі ұрлық жасау мен мародерлік үшін айыпталып отырғанын атап өткім келеді.Бұл фактілерді де назардан тыс қалдыруға болмайды. Ұсталғандардың арасында қарапайым тұрғындар бар, олар жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті толық түсінбеген», - деді Эльвира Әзімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін спикер өңірлердегі уақытша ұстау изоляторларына барып, қамауға алынған азаматтармен сұхбаттасқанын айтқан еді. Бірнеше күнде олар 11 өңірдегі 34 мекемеге барған.

Сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі уәкіл тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар қандай мәселелерге жиі шағымданатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар