Жаппай тәртіпсіздік: ШҚО-да 70-ке жуық әскери қызметкер зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 70-ке жуық әскери қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5-9 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде полиция қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының сарбаздары жараланған.

«Бүлікшілердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан жалпы саны 69 әскери қызметкер зардап шекті. 11 полиция көлігі қиратылып, 10-ы бүлінді. Облыс аумағында 1000-нан астам адам ұсталып, қылмыстық іс бойынша 66 адам қамауға алынды. Коменданттық сағат талабын бұзғаны үшін 7 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда жағдай тұрақтанды.


Соңғы жаңалықтар