Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің тізімі сұратылды – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаппай тәртіпсіздіктерде қаза тапқан және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қарыздарын кешіру жұмыс жүргізілді. Дәл осындай жұмыстар жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан жеке азаматтарға қатысты да жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта біздің агенттікке жеке тұлғалардан ешқандай өтініш түскен жоқ. Өзіміз тізім сұраттық және аталған азаматтар бойынша жұмысты агенттік қаржы институттарымен бірлесіп жүргізеді», - деді агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикер бұл тұста тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар, соның ішінде зардап шеккен азаматтар туралы айтылып отырғанын нақтылады.

Айта кетейік, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі толық кешіріледі.

Ал зардап шеккендердің несиесі 3 ай кейінге шегеріледі.


Соңғы жаңалықтар