Жаппай тәртіпсіздік кезінде алматылық дәрігерлер күніне 145 операция жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Дәулет Чукманов қалада тәртіпсіздік орнаған кезде қалай жұмыс істегендері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пациенттер 5 қаңтарда өте көп болды. Бұл күні түрлі жарақаттармен емдеу мекемесіне 191 адам жүгінді. Олардың басым бөлігі бас және кеуде клеткасының ауыр жарақатын алған. Біз барлық пациентке барынша көмек көрсеттік. Аурухана қызметкерлері жүктемінің көп екенін түсініп бәрі жұмысқа шықты»,- дейді ол.

Дәрігердің сөзінше, пациенттердің жартысы шұғыл медициналық көмек көрсеткеннен кейін, амбулаторлық емделуге жіберілді. Жарақаты ауырлар ауруханаға жатқызылды.

«Бұл күндері 9 кезекші бригада жұымс істеді. Қызметкерлер тәулік бойы ауруханада болды. Күніне 145 операция жасалды. Жасыратыны жоқ біздің бойымызда үрей болды, атыстың даусы, агрессиялы пациенттер келіп жатты. Олар жалғыз болған жоқ. Олармен ілескен адамдар болды»,- деді дәрігер.

Ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Тәуекелов бұл күндер өте ауыр болғанын тілге тиек етті.

«Түрлі сынықтармен түскен пациенттер болды. Сырттай фиксация, сүйек сынығына Иллизаров аппаратын салдық. Өте ауыр болды, көптеген пациенттер сүйек тіндерінің үлкен ақаулығымен типке жатпайтын зақымдармен түсті. Осы күні демалыста болған барлық қызметкерлерді жұмысқа шақырып алдық», - деп бөлісті Қанат Тәуекелов.

Бүгнігі күні емхана 24/7, яғни тәулік бойы жұмысын жалғастырып, Алматы қаласының тұрғындарына шұғыл жоспарлы медициналық көмек көрсетуде.

«Көпшілік тәртіпсіздіктен зардап шеккендердің арасында арухананың медицина қызметкерлері жоғына шүкір, аурухана ғимараты да зардап шекпеді»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар