Жаппай тәртіпсіздік: Атырауда 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысының коменданты – полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев айтты.

«Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды. Бір адам көз жұмды. Облыстық әкімдік ғимараты мен полицияның 7 көлігі бүлінді. Заңсыз митингке қатысқан 275 адам полицияға жеткізілді. Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 168 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр», - деді Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, юүгін тұрғындар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау үшін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің 62 мұғалімі полицейлермен бірге жаяу патрульдеуге шықты.

Сондай-ақ 100-ге жуық полиция ардагерлері мен еріктілер, қоғам белсенділері қоғамдық ыныштықты сақтауға көмектесуге ниет білдірген.


Соңғы жаңалықтар