«Жапонияның сұлулық әлемі» Астанаға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қыркүйек күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде жапондық суретші Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесі ашылады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметінен.

Көрме, Музейдің «Мәдени үндесу» халықараралық жобасы аясында тарихи сабақтастық, Қазақстандағы Жапония елшілігімен көп жылғы табысты еңбектің арқасында ұйымдастырылып отыр.

Томоко Хоукё - жапондық классикалық кескіндеменің ізбасары және дәстүрлі жапон көркемөнер мектебінің мирасқоры. «Нихонга» кескіндемесі (оның дәлме-дәл аудармасы- жапондық кескіндеме) - бұл тәсілдер мен жанрларды кең көлемде қамтитын Жапонияның бейнелеу өнерінің ежелгі және таңдаулы түрлерінің бірден бірі. VIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі жазылған, ұлттық кескіндемелердің барлығын, бүгінде Жапонияда «Нихонга» сөзімен атайды. Жалпы жапон кескіндемесіне күнделікті тұрмыс пен жылдың төрт мезгілінің өзара тығыз байланысы тән. Сондықтан да жапон мәдениетінің ерекшелігі болып көрінетін әдетте табиғаттың сұлулығын, маусымның әр түрлерін, құстарды бейнелеуі, Жапонияда жылдың төрт мезгілінің ауысуы, көптеген жапондық суретшілердің өз жұмыстарында айқын көрініс тапқан. Автордың ойынша, қоршаған ортамен өзара тығыз байланыстағы олардың өміріне, табиғаттағы өзгерістер, жаһандық жылылықтың пайда болуы, жапондықтардың дәстүрлі мәдени өміріндегі оқиғаларға теріс ықпал етеді. «...Сұлу да әсем Жапонияны сақтау мақсатында және жапон кескіндеме өнерінің барлық маңызды әдістерін орындауды түсіне отырып, мен, жапон мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлерге құрметпен қарайтын суретшінің жолын жалғастырамын...», - дейді Томоко Хоукё. «Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі суретшінің қазақстандағы алғашқы көрмесі болып табылады. Астана қонақтары мен тұрғындары, бір ай бойы ежелден қалыптасқан жапондық дәстүрлі мәнерде орындалған кескіндемелермен танысудың зор мүмкіндігіне ие болады. 24 қыркүйекте Томоко Хоукё «Жапонияның сұлулық әлемі» туралы өзінің түсінігі мен тәжірибесін бөлісу мақсатында, Музейдің жанындағы Бейнелеу өнері студиясының оқушыларына арнап шеберлік сағатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар