Жапонияның сакура мейрамы Алматыда да аталып өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық мемлекеттік мұражайда «Ичикава» жапон үйінің бастамасымен жапон мәдениетінің бірегей көрмесі ашылды.

Көрмеде күншығыс елінің қағаздан кескін қию техникасы - исекатагами өнерінің туындылары қойылған. Көрермендердің назарына 150-ге тарта қазақстандық авторлардың жұмыстары ұсынылды. Экспонаттардың тақырыбы сан алуан сипатта болды, онда жануарлар, адамдар, ғимараттар, құстар, гүл, ағаш, ою-өрнектер тақырыбы қамтылды. «Бүгін Жапонияда Сакура мейрамы аталып өтілуде. Осыған байланысты күншығыс елінің Қазақстандағы өкілдігі де мейрамды атап өтуде. Мейрам қарсаңында Алматыда екі ірі шара өтіп жатыр. Соның бірі - аталмыш көрме. Осы көрмеге Жапониядан 4 үздік исекатагами туындысы алдырылды. Алайда, қазақстандық өнерпаздардың да туындылары ешкімге есе жіберер емес. Олардың ішінде ең жас қатысушы 7 жаста», - деді «Ичикава» жапон үйінің өкілі Анна Чан. Шара барысында келушілерге «Ичикава» жапон тілі институтының өкілі Какумару исекатагами, темари, оригами, кендама бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар