Жапонияның премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Қазақстандағы елшісі Масаёси Камохара Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұжымымен кездесті.

Басқосу барысында елші университеттегі қазақ-жапон инновациялық орталығының жұмысымен танысып, бірқатар бірлескен ғылыми жобаларды талқылады.

«Ауыл шаруашылығы саласының ұлттық экономикада алар орны зор. Мен бүгінгі кездесуге өте қуанышты болып отырмын. Әрине, мұндай ынтымақтастық тек екі ел арасында ғана емес, Орта Азия аймағының дамуына ықпал етпек. Жақында Жапонияның премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді деп күтілуде. Бұл екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға үлкен серпін береді деген үміттемін», - деді Жапонияның Қазақстандағы елшісі Масаёси Камохара.

Ғылыми жұмыстарды әлемдік деңгейге көтеруге және оның бағыттарын ұлғайтуға серпіліс берген Қазақстан жапон инновациялық 2010 жылдың қыркүйек айында құрылған. Орталықтың құрамына 4 зертхана кіреді:

«Инженерлік бейімдегі электронды микроскопия» зертханасы, «Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік» зертханасы, «Су сапасын бағалау» зертханасы, Оқу ғылыми диагностикалық зертханасы.

Жиынға Елшінің зайыбы Джюнко Камохара мен елшінің үшінші хатшысы Марико Цуно Коке қатысты.

Соңғы жаңалықтар