Жапонияның Гои қорына «Алтын адамның» дәлме-дәл көшірмесі сыйға тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Жапонияның Гои бейбітшілік қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатты Елбасы қорының директоры, Сенат депутаты Дариға Назарбаева мен Гои бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджи рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіңізбен әңгімелесу барысында Гои бейбітшілік қоры біздің еліміздегі білім беру, ғылым және мәдениет салаларында бірқатар жобаны жүзеге асыратындығына сенім білдірген еді. Және де ізгілік пен бейтішілік құндылықтарын ілгерілету мүддесіне орай бірлескен жобаларды дамытуға дайын екендігін білдірді. Бүгін меморандумға қол қоюымыз біздің мақсаттарымызды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам болатындығына сенімім мол. Гои бейбітшілік қоры барлық қазақстандық үшін өте қызықты. Оның өте қызықты әрі ұзақ жылдарғы тарихы бар. Ол БҰҰ жанындағы үкіметтік емес ұйымның жоғары мәртебесіне ие және біздің үнімізге әлемдік қоғамдастық құлақ түреді деп сенім артамыз», - деді салтанатты рәсім барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының директоры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаев.null 

Сонымен қатар ол Елбасы қоры Гои қорымен бірлесіп. Жас таланттарды қолдау үшін ғылым, мәдениет салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға, сарапшылардың дөңгелек үстелдерін өткізуге дайын екендігін баса айтты.

nullҚазақта «Бейбітшілік - тұрақтылық кепілі» деген мақал бар және біздің ұйымдарымыз осы құндылықтарға сай жұмыс істейді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қару мен өзге де кез келген басқыншылықтардың ең жақсы қорғанысы сенім деген болатын. Біздің бірлескен жұмыстарымыз бір-бірімізге, әлемдік қоғамдастықтың біздің елдерімізге сенімін нығайтуға бағытталатындығына сенімдімін. Ал сенім жеке байланыс барысында туындайды», - деді қор директоры.

nullӨз кезегінде Хирро Сайонджи екі қордың әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру барысныда өзара тәжірибе алмасуы маңызды екендігін баса айтты. Сонымен қатар бірлескен шараларды ұйымдастыруға және өткізуге дайын екендігін жеткізді.

nullМеморандумға қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев Гои бейбітшілік қорына Қазақстанның нышаны, Ұлы дала елінің мәдени мұрасы саналатын «Алтын адамның» дәлме-дәл көшірмесін сыйға тартты.

   null null 

Соңғы жаңалықтар