+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Жапонияны топан су басып, 670 мыңдай адам эвакуацияланды

2019 жылғы 28 тамыз 16:27
Бөлісіңіз:
Жапонияны топан су басып, 670 мыңдай адам эвакуацияланды

ТОКИО. KYODO - ҚазАқпарат – Сәрсенбінің таңында Жапонияның оңтүстік-батысында басталған нөсер толассыз жауды. Өзендер арнасынан таси бастаған соң жергілікті биліктің жүздеген мың адамды қауіпсіз жерге көшіруіне тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді Қазақстандағы су қоймаларының иелеріне бірыңғай талап бекітілмек Кениядағы алапат көшкін: 36 адам құрбан болды

Жапония Метеорология агенттігі өлкеде бұрын-соңды мұндай нөсер жауған емес деп мәлімдеді.

Топан су кем дегенде бір адамның өмірін қиды. Кюсю аралының теріскейіне орын тепкен Такео қаласында шағын көлікті су ағызып кетіп, ішіндегі ер адам жазым болған. Такеоға көршілес отырған Сага қаласында да бір әйел мінген көлікті су ағызып кетті деген хабарлар тарап жатыр.

Бұдан бөлек, полиция Фукуока префектурасының Яме қаласында да бір адам құрбан болуы мүмкін деп отыр.

Фукуока, Сага және Нагасаки префектуралары 669 000 мың адамды эвакуациялауға шешім қабылдады. Аталған префектуралардың көп бөлігінде жолдар жабылып, пойыз қатынасы тоқтаған.

Бүгін таңертең Сага қаласында 110 мм жаңбыр жауған.

Синоптиктер алдағы күндері Кюсю аралындағы жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін, ал Токио және Сидзуока префектураларында 180 мм-ге жететінін айтып, дабыл қағуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT