Жапониялық студент Қорқыт ата мұрасын зерттеп жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жапониялық студент Такуро Оучи Қорқыт ата мұрасын зерттеп жүр. Ол осы мақсатта Қызылорда облысына арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапон жігіті Қазақстанда тарихи мұраларды түгендеу бағытында нақты істер атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл мақсатта Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының септігі зор.


Такуро Оучи Жапонияның Токио университетіндегі шетел тілдері бөлімінде оқиды. Жапон жігіті Қорқыт ата мұрасы жайында диплом жұмысын жазу үшін арнайы Қызылорда облысына келді. Диплом жұмысын жазу барысымен келген студент ең алдымен Қорқыт Ата кесенесіне барды. Одан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тынысымен танысты. Болашақта филолог мамандығыне ие болатын Такуро Оучи біздің еліміз жайында жан-жақты зерттеуіне төмендегі жағдайлар себепкер болғандығын айтады.


«Менің Қазақстанға деген махаббаты мен құрметім жапон тіліне аударылған «Алпамыс батыр» эпосын оқығаннан кейін оянды. Сол кітаптан үлкен әсер алдым. Қазақ мәдениеті жайлы білгім келді. Екі жыл бұрын білімін шыңдау үшін Қазақстанға арнайы келдім. Мұнда 10 айға созылған оқудың берері мол болды. Мен қазақ тілін жетік меңгеріп шықтым», - деді Такуро Оучи.



Такуро Оучи болашақта магистр біліктілігі бойынша білімін шыңдау үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін таңдауы мүмкін екенін жеткізді.



Соңғы жаңалықтар