Жапониялық роботтар COVID-19-бен күресу үшін Кенияға әкелінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Эпидемияға қарсы роботтар» деген атқа ие болған үш ақылды машина БҰҰ-ның Жапониямен серіктестікте даму бағдарламасы аясында COVID-19-бен күресу үшін Кения үкіметіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

Роботтар пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің кейбір қызметтерін орындауға бейімделген.

Шужа, Джасири және Тумаини атты көмекшілер 2,5 метрден 3,5 метрге дейін қашықтықта минутына 200 адамға дейін температураны өлшей алады, ластанған немесе вирус жұқтырған деп болжанған үлкен аумақтарды зарарсыздандырады, сонымен қатар адамдарға бетперде киіп, дезинфекциялау керек екенін еске салатын хабарламалар таратады. Сонымен қатар роботтар пациенттерден ақпарат жинап, оны талдап, зерттеу үшін деректер бере алады. Бұл ақылды машиналар жолаушыларды әуежайда тіркеуді тездетуге көмектеседі деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар