+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жапонияға тайфун төніп келеді: 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды

2019 жылғы 14 тамыз 17:14
Бөлісіңіз:
Жапонияға тайфун төніп келеді: 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Кроса» тайфунының жақындауына байланысты Жапонияның Кюсю аралын басқа аудандармен байланыстыратын 400-ге жуық ішкі әуе рейстерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік полицейлер қар құрсауында қалған 8 шетелдік автобус жолаушысына көмектесті Сахалинде 600-ге жуық балықшы жағалаудан бөлініп кеткен мұз үстінде қалды ШҚО-да қарға батқан жүк көлігі күре жолды бөгеген

NHK телеарнасының ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні 170 әуе рейсі тоқтатылған. Сондай-ақ, бейсенбіге жоспарланған 228 ішкі әуе рейстері кейінге қалдырылды.

Қазіргі уақытта тайфун Танэгасима аралынан шығысқа қарай 190 шақырым жерде. Желдің орталықтағы жылдамдығы секундына 30 метрді құрайды, ал ұйытқуы кезінде секундына 40 метрге дейін артады. Толқындардың биіктігі 9 метрге жетуі ықтимал.

Тайфун Кюсю аралына бейсенбіге қараған түні төнуі мүмкін, ал алдағы 24 сағатта батыс жағалау мен Сикоку аралының орталық аудандарына, сондай-ақ, Хонсю аралының орталық аудандарына жетеді деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT