Жапонияға биіктігі 3 метрден асатын цунами қаупі төніп тұр

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі жанындағы Жер сілкінісін зерттеу комитетінің мамандары алдағы 30 жылда Тынық мұхитында қуатты жер сілкінісі болып, ол елдің үлкен аумағын шарпитын 3 метрлік цунамиді тудыруы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл туралы ҚазАқпарат AsahiShimbun жалпыұлттық газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония үкіметінің бағалауы бойынша, Тынық мұхитындағы Хонсю аралының орталық бөлігінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан 900 километрлік Нанкай ойпаңында болатын зілзала 320 мың адамның өмірін қиып және 2,3 трлн доллардан астам шығын келтіруі мүмкін. Жалпы алғанда, табиғи апаты болған жағдайда Жапониядағы 47 префектураның 40-на зақым келіп, жер сілкінісі мен цунами салдарынан өрт туындап, 2,4 млн үй қирауы мүмкін. Алдағы 30 жылда мұндай сейсмикалық жағдайдың болу мүмкіндігі 70%-ды құрап тұр.




Соңғы жаңалықтар