Жапониядан жеңілген Германия футболшылары матчқа қатысты пікірін білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан әлем чемпионатында Жапониядан жеңіліп қалған Германия құрамасының ойыншылары матчқа қатысты пікірлерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

Құраманың қақпашысы және капитаны Мануэль Нойер аталған сәтсіздік орнын алдағы ойындарда толықтыруға тырысатынын жеткізді.

«Біз көптеген мүмкіндікті құр жіберіп алдық. Біз соңғы минуттарда қорғаныс шебінде дұрыс әрекет жасай алмадық...

Бұл мен үшін ең маңызды ойын болатын және біз онда жеңіліп қалдық. Енді аса ауыр қарсылас – Испаниямен кездесуде басқа ойын көрсетуіміз қажет. Онда бар күшімізді салып, қабілетімізді көрсетуге тырысамыз», - делінген championat.com сайтында.

Сондай-ақ құраманың жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган гол соғатын бірнеше мүмкіндік пайдаланылмай қалғанын атап өтті.

«Біз Жапония мақсатын тым жеңілдетіп бердік. Екінші голдың соғылатын реті жоқ болатын. Нойер құраманы бірнеше голдан сақтап қалды. Бізде шабуылда көптеген жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ екінші гол ақыры соғылмай қалды. Ойынды қорғаныстан бастай алмай қалдық. Салдарынан пас берумен ұзақ ойнап кеттік. Барлық дерлік ойыншы допты алғысы келмеген сияқты көрінді. Тым көп қателіке бой алдырдық. Әлем чемпионатында осыншама қарапайым гол бұрын-соңды соғылмаған болар», - деді Гюндоган.

Еске салайық, бүгін Қатарда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші ойын күні өтіп, Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар