Жапониядағы сұрапыл тасқын: індет қаупі төніп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су тасқынынан зардап шеккен Жапонияның аудандарына су тапшылығы мен індеттің таралу  қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Euronews.

Толассыз жауған жаңбыр ылғалдылығы жоғары ауа температурасына ұласып, өңірде 30 градус Цельсияға дейін ыстық басталды.  Құтқарушылар апат салдарынан ағынмен үйлері шайылып кетіп, із-түссіз жоғалған ондаған адамды іздестіруде. Екі миллиондай тұрғынды эвакуациялауға тура келген. Олардың басым көпшілігі үйлеріне қашан оралатындарын да білмейді.

Соңғы деректер бойынша, 200 мыңнан астам үйде ауыз су жетіспеуде. Сондай-ақ, ауруханаларда ота жасауға мәжбүр дәрігерлер де су таппшылығын сезініп жатыр. Эвакуациялау орталықтарындағы адамдар қапырықтан қиналып, жапон басылымдары аурудың таралуының қаупі жөнінде хабар таратып жатыр.

200-ден астам адам табиғи апаттың құрбанына айналды. Премьер-министр Синдзо Абэ аталмыш жағдайдың салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жеке бақылауына алды. 

Соңғы жаңалықтар