+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды

2020 жылғы 24 ақпан 12:21
Бөлісіңіз:
Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан қайтыс болған әйелмен өзге өңірде байланыста болғандар оқшаулануда

«23 ақпанда жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстан азаматтары отанына оралып, карантинге жатқызылды. Еске сала кетейік, Жапония жағалауындағы криуз лайнерінде әлемнің 50 елінің 3 700 азаматы оқшауланып қалған болатын», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен.

Комитеттен хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға 23 ақпан күні «Токио-Нұр-Сұлтан рейсі» бойынша 20 жолаушы келген. Оның 16-сы – Қазақстан азаматы. Төртеуі - жапондық, Diamond Princess лайнерінің ішінде болған жолаушылар.

«Келген азаматтардың бәрі де қаладан 7 шақырым жердегі Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа жайғасты. Дәл осы ауруханада бұдан бұрын Уханьнан келген студенттер оқшауланған еді. Келген азаматтардан коронавирус инфекциясы бойынша анализ үшін сынама алынды. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Олар 14 күндік карантинде болады», - деп хабарлайды комитеттен.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитет қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның жоқтығын хабарлайды. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда тәулік бойы қызмет ететін 1406 байланыс орталығына хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT