Жапониядағы круиз лайнерінде қазақстандық 2 келіншек пен екі бала бар – СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапониядағы Қазақстан елшілігі «Diamond Princess» лайнеріндегі Қазақстан азаматтарымен тығыз байланыста, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Отандастарымыздың жағдайы жақсы, алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені олар коронавирус жұқтырған жоқ. Дегенмен, олар вирустың бар-жоғын анықтайтын тексерістен өтіп, талдау жасатты», деп мәлім етті СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетерлігі, кеме 5 ақпаннан бері карантинде тұр. Карантин 19 ақпанда аяқталуы тиіс. Ол аяқталған соң, азаматтарымызда коронавирус белгілері болмаса кемеден шығарылады. Жапония лайнерден босатылған жолаушыларды жерге түскеннен кейін тағы бір мәрте тексеруді жоспарлап отыр.

Дипломаттардың мәліметі бойынша, кеме бортында қазақстандық екі әйел мен 8 және 12 жасар екі бала бар. Олардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Жолаушылар тамақпен және медициналық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.

«Азаматтар кемеден босатылғаннан кейін вирус табылмаса, Қазақстанға оралады», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек , бұған дейін ҚР Инфекциялық аурулардың жетекші маманы Динагүл Баешева Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтып берген еді.



Соңғы жаңалықтар