+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жапониядағы көшкіннен 20-дан аса адам із-түзсіз кетті

2017 жылғы 6 шілде 11:40
Бөлісіңіз:
Жапониядағы көшкіннен 20-дан аса адам із-түзсіз кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында нөсер жауын салдарынан болған апаттан хабар-ошарсыз кеткендердің саны 22-ге жетті, деп хабарлады РИА Новости.

Бастапқыда БАҚ жоғалғандар саны алтау деп хабарлаған еді. Бүгін полиция Фукуока префектурасында Асакура қаласында бір адамның мүрдесін тапты. Бұған дейін Оита префектурасында Хита қаласында көшкін орнынан тағы бір қаза тапқан адамның денесі табылды.

Жапонияда адамның қаза тапқанын дәрігерлер ғана анықтайды. Полиция мен өрт қызметі адам жағдайының белгілерін ғана тіркей алады. Екі адам ауыр жарақат алған. Жапония үкіметі жағдайды төтенше деп бағалады. Оқиға орнына өзін-өзі қорғау күші, полиция, өрттен қорғау қызметтерінің 7,5 мың қызметкері жұмылдырылды.

Қазіргі деректерге қарағанда, Кюсю аралынан 556 мың тұрғынды жедел көшіру қажеттігі туралы бұйрық берілді. Асакура қаласында көшкіннен кейін бірінші қабаттағы үйлерді лай су басып, су деңгейі тіпті көлік дөңгелегінен жоғары асуда.

Мектепті паналаған 50 шақты адам су басу салдарынан жол жабылып, хабарсыз қалды. Сондай-ақ Хита қаласында су темір жол көпірін шайып кетті. Жергілікті билік әзірге шығынды бағалай алмай отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT