+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Жапониядағы дауыл: 7 млн адам үйлерін тастап кетті

2019 жылғы 12 қазан 21:43
Бөлісіңіз:
Жапониядағы дауыл: 7 млн адам үйлерін тастап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда соңғы он жылдағы ең үлкен тайфун салдарынан екі адам қаза тауып, алпыстан астам адам жарақаттанды. Мамандар Токиода соңғы 60 жылдағы ең ірі дауыл тұрғанын айтты, деп жазады ВВС.

«Хагибис тайфуны жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-де басталды. Қазір ол Токионың оңтүстік батысынан 225 км / сағ жылдамдықпен шығысқа қарай жылжып барады. Соның салдарынан 7 млн-нан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған», деп жазады автор.

Жапонияның көлік министрлігі әуежай мен қала орталығының арасындағы темір жол және автобус тасымалы тоқтап қалғандықтан, екі әуежайды уақытша жапты. Жапония әуе компаниялары екі мыңға жуық рейсті тоқтатты.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) Токио аумағында қатты жаңбыр болатынын хабарлады. «Қалаларда, елді мекендер мен ауылдарда қатты жаңбыр кесірінен төтенше жағдай жарияланды. Көшкін мен сел секілді дүлей апат та болған болуы мүмкін», деді JMA қызметкері. Қатты жауыннан Жапонияда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.

Жапония билігі 11 млн адамға эвакуация жариялады. Бұл 1959 жылдан кейінгі ең ірі дауыл болуы мүмкін деп болжануда. 306 км / сағ жылдамдықпен болған Вера Тайфунынан 1959 жылы бес мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT