Жапонияда жүзуден рекорд орнатқан жүз жастағы әже арманын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Миэко Нагаока есімді әже 1500 метрді жүзіп өтті. Осы «ерлігімен» ол жүзден асқан шағында жүзуден рекорд орнатқан жер шарының тұңғыш адамы атанды, деп жазады Росбалт.

Бұл қашықтықты Нагаоке 1 сағат 16 минутта жүзіп өткен. «105 жасқа толғанға дейін жүзгім келеді», - деді Нагаока. 100 жастағы спортшының бұл жетістігі Гиннесстің рекордтар кітабына енеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлады «Р-Спорт». Нагаока - «Мен 100 жастамын және мен әлемдегі үздік жүзушімін» кітабының авторы.

Соңғы жаңалықтар